Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Пантеонға жерленетіндердің тізімі өзгерді

Құрылтай мен Халық кеңесінің өкілдері бар. Ұлттық пантеонға жерленетін лауазымды тұлғалардың тізімі жаңартылды. 4 қарашадағы Үкімет бекіткен қаулыға сәйкес, оған Вице-президент, Премьер-министр және оның орынбасарлары, Құрылтай мен Қазақстан Халық кеңесінің төрағасы және оның орынбасарлары енгізілді. Сондай-ақ, Парламент палаталарының төрағалары мен орынбасарлары, Мемлекеттік хатшы және мемлекеттік кеңесші, Президент Әкімшілігінің басшысы, Конституциялық Сот, Жоғарғы Сот және Ұлттық банк төрағалары, Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, министрлер мен Президентке тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың басшылары, Астана мен басқа да республикалық маңызы бар қалалардың және облыстардың әкімдері осы санатқа кірген. Айта кетейін, Ұлттық пантеонда белді адамдар туралы арнайы тіркеу кітабы болады. Ол жерде олардың аты-жөні, туған және қайтыс болған күндері сынды деректер жазылады.

← Барлық жаңалықтар