Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 10 қаралым

Қазақстанда кедейлік деңгейі 4 есеге азайды

Еліміздегі кедейлік деңгейі соңғы 20 жылда төрт есе төмендепті. Дүниежүзілік банктің дерегінше, бізде 2006 жылы тұрмысы төмен халықтың үлесі 18,2 пайыз болыпты. Ал бүгінде 4,9 пайызға дейін азайған. Алдағы уақытта азаматтардың әл-ауқатын бұдан да жақсарту үшін бірқатар маңызды шаруа істелмек. Мәселен, келер жылдан бастап ең төменгі жалақы 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін өседі. Ал «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында 2029 жылға дейін инфрақұрылымды дамытуға Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бағытталмақ. Бұл шамамен 100 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2035 жылға қарай экономикаға 3 миллионға жуық жұмысшы керек болады. Осы сұранысты ескере отырып, қажетті мамандықтар тізімі 51-ден 174-ке дейін кеңейтіледі. Яғни халықтың табысын арттырумен қатар, еңбек нарығындағы мүмкіндіктерді де еселеу көзделіп отыр.

← Барлық жаңалықтар