Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 9 қаралым

Салықтағы әділдік: байларға талап күшеймек

Әр адам ел дамуына шамасына сай әрі әділ үлес қосуы керек. Жуырда Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында ауқатты азаматтарға салынатын салық мөлшерін көтеруді ұсынған болатын. Президенттің бұл ойын Құрылтай депутаттары қолдайды. Халық қалаулысы Дәулет Кәрібектің айтуынша, мұндай тәжірибе шетелде бұрыннан бар. «Еңсесін тіктеген елімізде осындай қадам жасалса, бұл қазынаға түсетін қаржының еселенуіне жол ашады», – дейді депутат.

ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК, ҚР ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Табысы үлкен азаматтардың салығы да соған сәйкес, оның да әлеуметтік жауапкершілігі әділ болғаны жөн. Норвегияда бұл азаматтардың нақты табысына сәйкес, міндетті түрде салық салынады. Ал Швейцарияны алып қарайтын болсақ, олар өздері тұрған жергілікті жерде тапқан табысына сәйкес әр өңірге сәйкес, әртүрлі салық салынады..

← Барлық жаңалықтар