Алматыда әлемнің 35 елінен келген ғалымдар бас қосты.
Конгресс Тәуелсіздігіміздің 35 жылдығы мен Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдық мерейтойына арналған. Басты мақсат — жас зерттеушілер үшін ортақ алаң қалыптастырып, шетелдік мамандармен байланысын нығайту.
Қазір Қазақстанда 28 мың ғалым бар екен. Олардың әрбір зерттеуін қолдап, жобаларын өндіріске енгізу маңызды міндет. Өйткені ғылымның дамуы — елдің өркендеуі мен технологиялық әлеуетін арттырудағы басты тетік.
Қуаныш Тастамбек, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы: «Жас ғалымдарды қолдау тетіктерінің соңғы бес жылда динамикасы өте жоғары. Бір ғана мысал — жас ғалымдарға арналған жеке гранттар. Оған PhD бітіріп, қорғағаннан кейін үлкен ғылым жолына түскен жас ғалымдар қатыса алады. Арнайы 30 миллион теңгеге дейінгі грантты қаржыландыруға болады. Жас ғалымдарды қолдаудан кейін 90 миллион теңгеге дейінгі гранттық жобалар бар».
Гүлнәзия Мейірханқызы