Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 17 қаралым

8,5 миллион теңге кімге бұйырады?

Елімізде «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығына өтінім қабылдау басталды.

Байқау отандық ғылым мен технологияның дамуына елеулі үлес қосып жүрген мамандарды қолдауға бағытталған. Оған ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері мен жоғары оқу орындарының оқытушылары қатыса алады.

Үміткерлердің еңбегі тоғыз бағыт бойынша сарапталады. Құжаттарды sci-contest2026.kz сайты арқылы жолдауға болады. Биыл 25 жеңімпаз анықталып, әрқайсысына 8,5 миллион теңгеден астам қаржы беріледі екен.

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар