Елімізге шетелден тауық жұмыртқасын әкелуге екі айға тыйым салынды. Ауыл шаруашылығы министрлігі бекіткен құжатқа сәйкес, шектеу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге де қатысты. Дегенмен бұған дейін жолға шығып кеткен тауарларға рұқсат бар. Сондай-ақ Қазақстан арқылы басқа мемлекеттерге транзитпен өтетін жұмыртқаны тасымалдауға шектеу қойылмайды. Ал бұйрық күшіне енгенге дейін жеткізілген өнімді саудалауға болады. Ол үшін тауардың белгіленген мерзімге дейін келгенін растайтын құжат болуы шарт. Жауапты ведомстваның тиісті бұйрығы 13 қарашадан бастап күшіне енді.