Үкімет басшысы Халықаралық валюта қоры миссиясының Қазақстан бойынша басшысы Амина Ларешпен кездесті. Жиында миссияның қорытындысы шығарылып, еліміз бен қауымдастық арасындағы өзара іс-қимылдың даму перспективасы талқыланды. Ал премьер-министр мәртебелі мейманға республикада жүргізілген институционалдық реформалар туралы кеңінен мағлұмат берді. Бұдан бөлек, Олжас Бектенов еліміздің экономикалық саясатын жетілдіру үшін жаһандық тәжірибені пайдаланудың және Халықаралық валюта қорымен сараптамалық диалог жүргізудің маңызын атап өтті. Жиын барысында француз маманы Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалына оң баға беріп, келесі жылы өсім қарқыны жеделдеуі мүмкін екенін жеткізді.