Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 40 қаралым

Лицензиясыз жұмыс істеген ломбард әшкере болды

Астанада бес жыл бойы лицензиясыз жұмыс істеген ломбард желісі әшкере болды.

01market атауымен құрылған ұйым тұрғындардың мүлкін кепілге қойып, қарыз берген. Осылайша заңсыз жолмен 102 миллион теңгеден астам табыс тауыпты.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, клиенттерге қарыз 30 күнге беріліп, күніне 0,25 пайызға дейін сыйақы есептелген. Ал берешегін уақытында қайтара алмаған азаматтарға қосымша айыппұл салынып, тіпті қарызы өтелмеген жағдайда кепілге қойылған бұйымдарды сатып жіберіп отырған.

Күдіктінің заңсыз жолмен алған екі пәтеріне, үш көлігіне және екі кеңсесіне сот санкциясымен тыйым салынды.

Ернар Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі: «Тергеу мәліметінше, 2021 жылдан бері күдіктінің бақылауындағы «Инвестпрокз» ЖШС, Исмагулов Р.Б. және «Прокз» жеке кәсіпкерліктері комиссиялық сауданы бүркемелеп, тиісті лицензиясыз мүлікті кепілге алып, қарыз беріп келген. Олар қызметінің шынайы сипатын жасыру үшін клиенттерге комиссиялық сауда мәмілесі жасалғандай етіп, кепіл билеттерін рәсімдеген».

Ғалымжан Кенжебек

← Барлық жаңалықтар