Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 12 қаралым

Ауыл балалары Астананы таңғалдырды

Ауылдың балалары Астанаға келіп спектакль ойнады. Ақтөбе облысынан ат терлетіп келген жас актерлер анау-мынау емес, әлемге әйгілі музыка өнерінің алыбы Моцарт жайлы туындыны сахналады. Мәртөк ауданындағы Қамбар Медетов атындағы балалар өнер мектебінің шәкірттері елордалықтарға ерекше әсер сыйлады. Бұл өрендердің үлкен сахнаға алғаш шығуы емес екен.

БАЛТАБЕК НҰРҒАЛИЕВ, АКТЕРЛІК ӨНЕР КЛАСЫНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ:

Моцарт адамзатқа ортақ тұлға болғандықтан бұл адамзатты біріктіретін, адамзатты ынтымаққа, өнерге, білімге шақыратын керемет тұлға болғандықтан. Біз осы кейіпкерді таңдадық. Біздің спектакльдің ішінде Моцарт шығармасы қазақтың домбырасында орындалады.

Қойылымның мазмұны отбасылық құндылықтарды, ата-ана мен бала арасындағы сыйластықты, берік достықты арқау еткен. Ақтөбелік жас өнерпаздар бұл туындымен халықаралық және республикалық байқауларда өнер көрсетіп, жүлделі орынға ие болыпты.

НҰРИСЛАМ ҚАНАТҰЛЫ, АКТЕР:

Мен бала Моцартты ойнаймын. Менің әкем Леопольд. Маған осы шығарма өзімнің жүрегіме жақын. Менің рөлім өзіме оңай көрінеді. Мен осы актерлік өнерге 4 жыл бұрын келдім. Мен осы 4 жылдың ішінде көптеген шығармаларды көрдім, үйрендім және дауыс мәдениетім, сөйлеу мәдениетіміз жақсарды.

← Барлық жаңалықтар