Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 72 қаралым

Өрт сөндіру көлігіне соғылған жүргізуші көз жұмды

Алматыда өрт сөндіру машинасына соқтығысқан көлік жүргізушісі қаза тапты. Оқиға өткен түні болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, құтқарушылар техникасы сиренасын қосып, шақыртуға асығып бара жатқан. Тимирязев пен Әуезов көшелерінің қиылысынан өту кезінде жеңіл көлік шыға келіпті. Жол апатының салдарынан темір тұлпардың тізгіншісі сол жерде көз жұмған. Жедел жәрдем мамандары зардап шеккен жүргізушінің өмірін сақтап қала алмады. Ал өрт сөндіру көлігінің рөлінде отырған адам медициналық мекемеге жеткізілген.

САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша Алматы қаласы полиция департаментінің анықтау басқармасы қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы мен себептерін жан-жақты анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

← Барлық жаңалықтар