Қызылордада жасы 20-дан асқан бір топ жігіт көлікпен көшенің шаңын шығарып, жол ережесін өрескел бұзған.
Тәртіп сақшылары облыс орталығында бір-бірінің ізіне түсіп, құйғытқан заңсыз кортежді анықтады. Тексеру барысында жүгенсіз жастардың қауіпті маневр жасап, өзге жүргізушілерге қауіп төндіргені белгілі болды.
Бейнежазбаны зерделеу нәтижесінде сегіз жігіттің қатысы бары анықталып, жауапқа тартылды.
Мұратбек Манатов, облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы: «Сонымен қатар сот шешімімен үш азаматқа ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салынды. Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда өзара сыйластық пен жауапкершілік танытуға шақырады. Жол қауіпсіздігі — әрбір қозғалысқа қатысушының ортақ жауапкершілігі».
Бердібек Қарынбай