Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 1 қаралым

Алатау қаласын дамытатын институт құрылады

Қазақстан мен Қытай ғалымдары Алатау қаласын дамытуға кірісіп жатыр.

Ұлттық ғылым академиясы жанынан Smart City институты құрылады. Осы бастама аясында төртжақты келісімге қол қойылған.

Мақсат — ғылыми зерттеулерді, технологиялық жобаларды және әлемдегі қалалардың даму тәжірибесін Қазақстан жағдайына бейімдеп енгізу. Алатау қаласы пилоттық алаң ретінде айқындалған. Мұнда жасанды интеллект, көлік инфрақұрылымы, қаланы цифрлық басқару мен маман даярлауға басымдық беріледі.

Ұлан Тәліпбай

← Барлық жаңалықтар