5 күннің ішінде 245 жүргізуші ұсталған. Мұның бәрі көлік айдау куәлігінен айырылса да, рөлге отырғандар. Бес күнде осынша адам анықталса, әлі қаншасы жүр екен заң бұзып? Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, рейд кезінде ұсталғандардың жартысы қамауға алынып, жартысына айыппұл салынды. Көліктер айып тұрағына қойылды. Тексеріс тағы жалғасады екен.
АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
ІІМ ұстанымы айқын: құқығынан айырылған жүргізуші көлік тізгініне отыра алмайды. Ешқандай ерекшелік жоқ. Полиция мұндай жүргізушілерге қатаң шара қолданады. Бұл жай ғана қағида емес. Бұл адамдардың өмірі мен қауіпсіздігі.