Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 8 қаралым

Астық экспортында бұрын-соңды болмаған нәтиже

Шетелдіктердің біздің астыққа сұранысы артып келеді.

2025 жылы еліміз 16 миллион тонна бидай мен ұн экспорттап, 3,5 триллион теңге табыс тауыпты. Бүгінде отандық өнім әлемнің 72 еліне жеткізіледі.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің III форумында сала басшысы мәлімдеді. Министр Айдарбек Сапаровтың айтуынша, мұндай көрсеткіш ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Енді республикамыз тек бидайға иек артпай, сұранысы жоғары майлы және бұршақ дақылдарын өсіруге ден қойып отыр.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі: «Егіс алқаптарын әртараптандыру жұмыстары да жалғасып жатыр. Өткен жылдан бері бидайдың егіс көлемі шамамен 17 пайызға қысқартылды. Оның орнына табысы жоғары әрі сұранысқа ие майлы және бұршақ дақылдары егіледі. 2023 жылдан бері бұл дақылдардың егіс көлемі екі есеге ұлғайды. Бұл өзгерістер өнім өткізу нарығын кеңейтуге және бидай бағасының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді».

Қуат Құдайберген

← Барлық жаңалықтар