Елімізде соңғы алты жылда баспана салуға 5 трлн теңгеге жуық қаражат бағытталған. Бұл «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясының» жемісі. Яғни, жаңа көпқабатты үйлердің салынуына қолдау көрсетіп, құрылыс компанияларына қажетті қаражат бөлуге көмектеседі. Соның арқасында 630 мыңнан астам азаматтың баспана жағдайы жақсарған. Сондай-ақ басқарма төрағасы Алтай Күздібаев келер жылды «Халықтық құрылыс» деп жариялау бастамасы салаға жаңа серпін беретінін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, алдағы уақытта қаржылай қолдау әлдеқайда арта түседі.
АЛТАЙ КҮЗДІБАЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ТҰРҒЫН ҮЙ КОМПАНИЯСЫ» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Бізде де жаңа тетіктеріміз бар. Соны бүгін талқылап құрылыс компанияларымен қандай бізде жоспар болады келесі жылы соның бәрін бүгін анықтаймыз. Біз мысалы өткен жылы үлкен ұлттық жобаны бастады. Ол тұрғын үй коммуналдық және энергетика саласын жаңғырту. Осы жылы біз 200 млрд бөлдік. Бүкіл акиматтарға. Келесі жылы жеке меншік нысандар жобалары, акиматтар жалғастырады жұмыстарын. Жалпы 300-400 млрд-тан асатын болады деп есептейміз.
Айта кету керек, атқарған жұмыстың нәтижесінде заңсыз құрылыс пен рұқсатсыз үй сату жағдайлары да азайыпты. Бұдан бөлек, компанияның арнайы бағдарламалары құрылыс ұйымдары үшін бастаған жобаларын аяқтауға және жаңа нысандар салуға үлкен мүмкіндік беріп отыр.
ҚАНАТ ЕРАЛИЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Біз 2021 жылдан бері жұмыс істеп келе жатырмыз. 2400 пәтердей соқтық. Тағы да 1100 пәтер соғып жатырмыз қазір. Тұрғын үй компаниясының кепілдігін алдық. Бұл кепілдік бізге құрылысты аяқтауының кепілдігі тек үлескерлерге ғана емес, құрылыс компанияларының да сондай мүмкіншілік берді. Яғни екі жақ үшін де тиімді.