Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 6 қаралым

Декреттік төлемнің шегі өседі

Келесі жылдан бастап декреттік төлемнің шектік мөлшері өседі. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бұған ең төменгі жалақының 85 мыңнан 110 мың теңгеге дейін көтерілуі себеп. Соған сәйкес, есепке алынатын ең жоғары айлық табыс 595 мыңнан 770 мың теңгеге дейін белгіленеді. Мәселен, жүкті келіншектің декретке шыққанға дейінгі соңғы 12 айдағы орташа жалақысы 800 мың теңге болса, соның қазір тек 595 мыңы есепке алынатын. Енді жаңа жылдан кейін осы соманың көлемі ұлғаяды. Яғни жалақысы жоғары әйелдердің декреттік төлемі де артады. Осы тұста айта кетерлігі, егер болашақ ананың нақты жалақысы мемлекет есепке алатын шекті сомадан, яғни жеті ең төменгі жалақыдан асып кетсе, қалған айырманы жұмыс беруші өтей алады.

← Барлық жаңалықтар