Су жағасын құрылыс алаңына айналдырғандарға тосқауыл қойылды. Жыл басынан бері елімізде рұқсатсыз бой көтерген 18 нысан қиратылған. Су ресурстары және ирригация министрлігінің хабарлауынша, аталған фактілер негізінде әкімшілік іс қозғалып, кінәлілерге 12 миллион 700 мың теңге айыппұл салыныпты. Сондай-ақ заңсыз құрылыстарды мәжбүрлеп бұзу туралы қаулы қабылданған. Ведомство Бас прокуратурамен бірлескен «Судың қара нарығына» қарсы күрес жөніндегі жол картасы аясында қатаң шаралар қабылдап жатырмыз дейді.