Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 28 қаралым

Балқаштағы АЭС-ті «Росатом» салады

Жасанды интеллект дамыған сайын энергияға сұраныс артуда. Болашақта қуат көздеріне тәуелді болып қалмаудың қамына бүгіннен кірісу керек. Мәскеудегі AI Journey 2026 конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев саладағы ахуал турасында сөйледі. Халықаралық энергетика агенттігінің болжамы бойынша 2030 жылға қарай әлемдегі деректерді өңдеу орталықтары 950 миллиард киловатт-сағатқа дейін электр тұтынуы мүмкін. Бұл 2024 жылғы деңгеймен салыстырғанда екі есе жоғары. Осы орайда атом энергетикасын дамытудың маңызы зор болмақ.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Мұндай жағдайда энергетикалық ресурстардың қолжетімділігі, электр желілерінің сенімділігі және оны тиімді қолдану технологиялық бәсекеге қабілетті болудың негізгі алғышарты саналады. Сондықтан Қазақстан бірнеше атом электр станциясын салу туралы стратегиялық шешім қабылдады. Ресеймен серіктестік негізінде салынатын алғашқы «Балқаш» станциясының құрылысында «Росатом» корпорациясы жетекші рөл атқарады.

Энергетикалық әлеуетті арттырумен қатар, Қазақстан цифрлық инфрақұрылымды дамытуға да ден қойып отыр, -деді Президент. Қазірдің өзінде мемлекеттік қызметтердің 90 пайыздан астамы онлайн қолжетімді, eGov Mobile қосымшасына халқымыздың үштен екісі, яғни, 13 миллион қолданушы тіркелген екен. Ал БҰҰ-ның электрондық үкіметті дамыту рейтингінде Қазақстан екі жылда 8 сатыға көтеріліп, 16-орынға тұрақтады.

← Барлық жаңалықтар