Мазмұнға өту
ШҰҒЫЛ
· 30 қаралым

«Халықтық құрылыс» бағдарламасына 6,5 трлн теңге бөлінеді

Алдағы үш жылда Ұлттық қордан 6,5 триллион теңгеге жуық қаражат алынады.

Қомақты қаржы еліміздің инфрақұрылымын жаңғыртуға арналған «Халықтық құрылыс» бағдарламасын жүзеге асыруға жұмсалады. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов шетелдік инвесторлармен кездесуде мәлімдеді.

Қазір Үкімет Президент тапсырмасына сәйкес инвестиция тарту және үйлестіру жүйесін жаңартып жатыр. Мұндай қадам өз қаржысын сеніп тапсыратын шетелдік кәсіпкерлерге үлкен қолдау болмақ. Ал Сыртқы істер министрлігі жаңа компанияларды тарту жұмысын жалғастырады.

Бұдан бөлек, инвесторлардың құқығын қорғау үшін болашақта Алатау қаласында арнайы инвестициялық сот құрылмақ.

Жанна Байдашева, «Қазақстандық шетелдік инвесторлар кеңесі» қауымдастығының директоры:

Мұндай ашық интерактивті диалогтар инвесторлар үшін өте маңызды. Бұл ақшасын Қазақстан экономикасына салған жандар үшін ғана емес, қаржы бөлуге ниеттеніп жүрген бизнесмендер үшін де маңызды. Үкімет инвесторларға құлақ асқанда ғана олар өздерін сенімді сезінеді. Олар түрлі жобаларды қолдап, құқықтық көмек, салық жүктемесі сынды түйткілдердің барынша түсінікті болғанын қалайды.

Гүлмира Тасболатқызы

← Барлық жаңалықтар