Азғындар заңнан да, адамнан да аяқ тарпайтын болған. Бас қаланың тұрғындары көшеден кішкентай қызды сүйреп әкетіп бара жатқан еркекті ұстап алды. Жанұшыра көмек сұраған 12 жастағы жеткіншекті 25-тегі жігіттен арашалап алып, тәртіп сақшылары келгенше ұстап тұрыпты. Оның ойында не болған? Тілшіміз оқиға орнына барып, тұрғындармен тілдесіп қайтты.