Алматыда балабақшаға келген жігіт оны кіргізбеген күзетшілерге тапанша кезеніп, қорқытқан. Қарулы азаматқа қарсы тұра алмаған есіктегілер оны ішке кіргізуге мәжбүр болыпты. Бұл оқиға туралы естіген ата-аналардың үрейі ұшты. Балабақшаға тапаншамен келетіндей, ер адамның ойында не болған? Ол өзі жалпы кім? Ұлан Тәліпбай айтып береді.