Көтере алмасаң, қосып арқала! Дизель отынын іздеп даурыққан ақтөбелік жүргізушілер тағы да тапшылыққа ұрынды. Бұл жолы сұйытылған газ таппай сенделген жандар таңнан бері жанармай бекеттерінің маңын жағалап әлек. Ұзын-сонар кезекке тұрғандар жұмысынан кешігіп, жолынан қалды. Жылда қайталанатын шикізат жетіспеушілігі жырынан жалыққан жүргізушілер бағаның қымбаттағанын да айтты. Рөлдегілердің базынасын Ақбаян Сұлтанмұратова біліп қайтты.