Күйеудегісі былай тұрсын, қазір тұрмысқа шықпаған қыздардың өзі аналық жасушасын қатырып, әуре! Иә, жаңылыс естіген жоқсыз, бұған себеп климакстың жасарып алуында болып тұр. Бұдан 10-15 жыл бұрын ұрығы солып, қартаюдың белгісін байқататын – климакс келіншектерде 45 жастан асқанда қылаң берсе, қазір 25-35 жастағы бұрымдылар арасында да кездеседі. Дәрігерлер солай дейді. Бүгінгі қыз-келіншектерді ұрық тапшылығына ұрындырған не нәрсе? Смартфонның бедеулікке не қатысы бар? Іс-қимыл тоқтағанда бәрі тоқтайды деуге не негіз? Бұл сауалдарға тілшіміз Гүлназия Жалғасқызы бірқатар есікті қағып, мамандардан жауап алып қайтты.