Мектеп оқушыларының арасындағы төбелес Алматы облысының әкімдігін аяғынан тік тұрғызды. Тіпті, ауыл ақсақалдары шақырылып, жергілікті халықпен арнайы жиналыс өткізілді. Кешелі бері әлеуметтік желіде тараған Панфилов ауданындағы оқиғаның бүгін мән-жайы бүге-шігесіне дейін атқамінерлермен қызу талқыланды. Жастар арасындағы жанжалда жапа шеккен жасөспірімнің жағдайы қалай? Шу шыққан ауылда қазір қандай шаралар қабылданып жатыр? Бұған тілшіміздің алдағы сюжетінен жауап таба аласыздар.