Ақтөбеде жүздеген фермер рұқсат етілген митингке шығып, талаптарын айтты. Арасында Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстарынан арнайы келгендері де бар. «Географиялық орналасуымыз бөлек демесеңіздер, проблемамыз – ортақ», — дейді олар. Ауыл шаруашылығы министрлігіне айтқан 24 ұсыныс-тілектің ең бастысы – Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы екен. Субсидиядан бастап, асыл тұқымды мал басын көбейту сынды мәселелерді қамтитын фермерлер талабымен тілшіміз де кеңірек танысып, қайтты.