Жуырда ғана жемқорлықпен күрес агенттігі парақорлық биыл былтырмен салыстырғанда 34 пайызға кемігенін айтқан еді. Бөрікті аспанға атып, қуануға әлі ерте. Жыл соңында қазына қаржысына қол салғандарды еске түсірсек. Себебі парақорлық Отанға ауыз салумен тең. Ендеше, Отанымызды жегендер жайлы «Еуразия» бірінші арнасының тілшісі баяндайды.