Балаға білім мен тәрбие беретін мектептегілер бүтін бір ауылды тіршілік нәрінен тарықтырды! Білім ордасынан аққан лас су елдімекендегі жалғыз өзенге құйылып, жұрт жағымсыз иістен жиіркеніп жүр. Ең сорақысы — қарашаның енді кір жуып, егін суаруға қажетті суы жоқ. Одан қалды жұрт ауру тарай ма деп қорқып жүр.