Мал демекші, Жамбылда бүтін бір ауылдың төрт түлігі кәріз суын ішіп, қоқыс жеп жүр. Өйткені елді мекендегі жайылым жерлер жекенің қолына өтіп кеткен. Салдарынан 500-ге тарта тұрғыны бар Қостөбе ауылының жұрты қоқыс полигонының маңына малын жаюға мәжбүр. Жұрт «он жылдан бері осындай күйдеміз» деп жыларман. Ал атқамірерлер мәселені шешуге неге асығар емес?