Азаматтардың қаржылық сауаттылығы мәселесі өте өзекті. Тапқанын ит, арқасын бит жегендердің үлесін азайтудың амалын жасау қажет. Бұл ретте, «AMANAT» партиясы ұсынған «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыруды жалғастыру маңызды. Әлеуметтің хәл-ахуалына алаңдаушылық білдірген Президент, табыстың тұрақтылығын қамтамасыз етуді міндеттеді.