Мазмұнға өту
· 10 қаралым

ТОҚАЕВ: «АҚИҚАТҚА ТУРА ҚАРАУ КЕРЕК!»

Ақиқатқа тура қарау керек! Халықаралық құқықты бұзу «қалыпты жағдайға» айналды. БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы аясындағы Жалпы дебатта Қасым-Жомарт Тоқаев дүние дидары құбылып, бейбітшіліктің іргетасы сөгілгенін айрықша айтты. Былтырдың өзінде әлемде қару-жараққа 2 триллион 700 миллиард доллар жұмсалған екен. Бұл – рекордтық көрсеткіш. Өкініштісі, жаһандық қауымдастық қақтығыстарға тоқтау қоюға қауқарсыз. Сондықтан Президент Біріккен Ұлттық Ұйымын жан-жақты реформалауды ұсынды.

← Барлық жаңалықтар