Алматыда барымташыларды полиция бүркемелеп отыр. Есік алдында төрт түлік ұстайтын жергілікті жұрт осылай деп тәртіп сақшыларына өкпелеп жүр. Бұрындары бірлі-екілі мал жоғалса, қазір қарақшылардың есіргені соншалықты, қырдағы жылқыны үйірімен, сайдағы сиырды табынымен айдап әкететін болыпты. Тіпті, қорада тұрған қойды да қоймай бара жатқан көрінеді.