Ресми сапарпен келген Масуд Пезешкианді Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада қарсы алды. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізді. Қос халықтың тарихы – ортақ, салт-дәстүрі мен мәдениеті – ұқсас. Осылай деген Қазақстан Президенті Батыста Каспий байланыстыратын Иранды жақын әрі құтты көрші, сенімді серіктес деп атады. Келіссөздер қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Масуд Пезешкиан Бірлескен мәлімдеме қабылдады.