Бүгін КСРО және Қазақстанның халық әртісі, Бибігүл Төлегенованың туған күні. Қазақтың бұлбұлы деген атақты оған қалың тыңдарманы берген. Қазақ ән өнерін әлемге танытқан әнші 96 жасқа толды. Талайларды таңдай қақтырған жезтаңдай әнші 80 жылға жуық киелі сахнанның сәнін кіргізді. Төлегенованың тамылжыта орындаған әндерімен талай буын сусындап өсті.