Ауыруға да ақша жоқ депті ғой бір ағам. Ай сайын жалақысының бір бөлігін медициналық сақтандыру қорына аударып отырса да, жөнді көмекке қол жеткізе алмайтынын біледі де. Осы маған көз немесе суық тиіп қалады-ау деп бірнеше апта бұрын болжап, мамандарға жазылып қоймасаң, кезегің келгенше өліп қалуың мүмкін. Осы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры енгізілгенде халыққа «таңдау еркіндігі» беріледі делінген еді. Қалаған жерге барып ем аламыз ба деген үміт болған халықта. Алайда іс жүзінде олай болмай шықты.