Мазмұнға өту
· 31 қаралым

Қоқыстағы жұмыртқадан балапан шығып жатыр

ҚОҚЫСҚА БАРЫП ҚАНЖЫҒАСЫ МАЙЛАНДЫ

Қоқысқа барып қанжығасы майланды. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны полигонның арасынан жұмыртқадан жаңа шыққан балапандар тауып алыпты. Оның сөзінше жұмыртқаларды құс фабрикасының қызметкерлері тастауы мүмкін. Балапандар сол жерде қауашақты жарып шығыпты. Ал жүрегі жұмсақ жан шырылдаған шөжелерді далаға тастауға батылы бармаған. 50-шақты балапанды үйіне алып кетіпті. Ал кішкентай қанаттыларды кімнің қоқысқа тастағанын ветеринарлық инспекция мамандары анықтап жатыр. Кінәлілер жауапкершілікке тартылмақ.

НАТАЛЬЯ ТАРАКАНОВА- СҚО ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Биологиялық қалдықтар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жойылуы тиіс. Ал жеке тұлғалар сатып алынған жануарларды, бір күндік балапандарды сатқан немесе өткізген жағдайда ветеринарлық қызметке міндетті түрде хабарлауы қажет. Өйткені әкімшілік жауапкершілік қарастырылған»

← Барлық жаңалықтар