Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Жиырма жыл күткен жүлде!

Ташкентте таэквондодан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында спортшымыз Айым Серікбаева алтын жүлдені жеңіп алды.

Ол ақтық сында Мексика спортшысын 2:0 есебімен ұтты. Айымның  бұл жеңісінің тарихи маңызы бар. Өйткені, жаспөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында біздің спортшылар соңғы рет осыдан 20 жыл бұрын алтын  медаль алған екен.

Айыммен  бірге ел құрамасының қоржынына Ерасыл Ерзат пен Ислам Медетбейлар бір-бір қола жүлдеден салды. Әлем чемпионаты ертең аяқталады.

Ақбаян Сұлтанмұратова

← Барлық жаңалықтар