Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Қазақтың спортшы қызы тағы топ жарды

Қазақ шахматының жарық жұлдызы Бибісара Асаубаева Кипрдің Пафос қаласында өткен   турнирде күміс жүлдегер атанды.

Әлемдік шахмат тәжі үшін таласқа жолдама беретін бұл айтулы додада отандасымыз аса шеберлік танытып, жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді.

Осы жетістігі арқылы Бибісара жаһанның ең үздік гроссмейстерлері арасындағы позициясын нығайтып қана қоймай, алдағы уақытта әлем чемпионы атағына басты үміткер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар