Мазмұнға өту
· 29 қаралым

Алматыда Наурыз әлі тойланып жатыр

Алматыда Әз-Наурыз мерекесі әлі тойланып жатыр. Күн жылынып, жердің көгергенін күткен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті биылғы мерекені «Таза Қазақстан» бағдарламасымен ұштастырған.

ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВ – ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ РЕКТОРЫ:

«Таза Қазақстан кезекті саяси науқан емес. Бұл мемлекетіміздің мызғымас идеологиясы. Ұлт болмысының ажырамас бөлігі болуға тиіс», — деп атап өтті Мемлекет басшысы. Сондықтан бүгінгі мерекенің басты идеясы — Таза Қазақстан. Бұл тек қоршаған орта ғана емес, сана мен ниеттің тазалығы. Отанға деген адалдық».

Қазақтың салт-дәстүрі мен ұлттық құндылықтарын дәріптеу мақсатында университет маңында әр факультет қазақ үйлер тіккен. Концертте әз аналар шашу шашып, аға буын сәбидің тұсауын кесті. Ал тұлпар мініп, бүркіт ұстаған жастар қойылым қойып, мерекенің сәнін келтірді. Сондай-ақ, мерекелік шарада «Таза Қазақстан» жобасы аясында «Таза кампус» бағдарламасы бойынша байқау ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.

БАҚЫТЖАН ОМАРОВ — ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ:

«Биылғы Наурыз аясында біз «Таза кампус» бағдарламасы бойынша байқау жүріздік. Байқау аясында үздік факультет, үздік кафедра, үздік лаборатория номинациясының жеңімпаздары анықтадық».

← Барлық жаңалықтар