Үш баланың өмірін жалмаған көпқабатты үйдегі трагедия тұрғындарға сабақ болмаған секілді. Жүргізушілер әлі де көліктерін қалай болса солай қойып, көрінген жерге тастап кетіп жатыр. Екі бірдей жүргізуші тағы да сол қызыл жалынға оранған «Көркем-3» тұрғын үй кешенінің кіреберісін бітеп тастаған. Естеріңізде болса, демалыс күні болған төтенше жағдай кезінде бір көліктің кесірінен құтқарушылар техникасы аулаға кіре алмай, әуре-сарсаңға түскен еді.
Соған қарамастан, жүргізушілер тыйым салынған орындарға темір тұлпарларын қалдыруын доғарар емес. Үш баланың қазасынан әбден шошынған тұрғындар мұндай бейберекетсіздікті амалсыздан суретке түсіріп, әлеуметтік желіге жариялауда.
Қуат Құдайберген