Елімізде алаяқ «полицейлер» қаптап кетті. Дәлірек айтқанда, әккілер енді өздерін құқық қорғау немесе ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, аңғал жұрттың шотындағы соңғы ақшасын сыпырып жүр. Тұрғындарды сендіріп, дегеніне жету үшін алаяқтар жасанды интеллектінің көмегіне жүгініп, дауысын да, түрін де өзгертіп хабарласуда. Ішкі істер министрлігі шұғыл үндеу жасап, қазақстандықтарды аса сақ болуға шақырды.
БЕЙБІТ БІРЖАНОВ, ҚР ІІМ КИБЕРҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
«Ішкі істер министрлігі құқық қорғау органдары мен банк қызметкерлері ешқашан бейнеқоңырау арқылы ақша аударуды талап етпейтінін, құпия мәліметтерді сұрамайтынын және телефон арқылы қаржылық операциялар жүргізуді ұсынбайтынын ескертеді. Алаяқтықтың алдын алу үшін бейтаныс адамдардың ақша аударуға қатысты нұсқауларын орындамаңыздар, жеке және банк деректерін бермеңіздер, сондай-ақ келіп түскен ақпаратты ресми дереккөздер арқылы тексеріңіздер».
Нұрай Құрақбай