Тамаққа тапсырыс берерде абай болыңыз. Асыңыз жерге төгіліп, тәбетіңіз бұзылып жүрмесін. Видео бас қаладағы тұрғын үйлердің бірінде түсірілген. Кезекті тапсырысын әкелген курьер тамақты байқаусызда төгіп алып, кейін ештеңе болмағандай ыдысқа қайта салып берген.
Желідегі жұрт соңғы уақытта жеткізу компаниясы қызметкерлеріне қатысты шағымның көбейгенін жазып, мұндай әрекетке жол бермеу керектігін айтып отыр. Кейбірі жауаптыларды жедел түрде жауапкершілікке тарту қажет екенін де алға тартқан.
Нұрай Құрақбай