Ипотеканың тәртібі өзгеруі мүмкін. Енді үйді рәсімдегенде банктің пайыздық мөлшерлемесі бастапқы жарна көлеміне байланысты болады. Жаңа ережені Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова түсіндірді. Оның айтуынша, 1 шілдеден бастап қолыңыздағы қаражат неғұрлым жоғары болса, банк соғұрлым тиімді шарттар ұсынады. Мәселен, егер тұрғын үй құнының 30 пайызын жинақтасаңыз, жылдық мөлшерлеме 20 пайыз болуы мүмкін.
МАДИНА ӘБІЛҚАСЫМОВА, ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН РЕТТЕУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ АГЕНТТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
«Ипотекалық қарыздар бойынша біз жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін бастапқы жарна көлемімен байланыстыруды жоспарлап отырмыз. Яғни, бастапқы жарна 30% және одан жоғары болған жағдайда, жылдық үстемақы 20% мөлшерінде белгілеу қарастырылуда. Бірақ қазіргі таңда нарық қатысушылары бұл талапты кейінге қалдыру мәселесін көтеруде. Яғни, еліміздегі жағдай қолайлырақ болғанға дейін, атап айтқанда базалық мөлшерлеме төмендегенге дейін осы норманы енгізуді шегеру ұсынылуда».
Рамазан Палмағамбет