Мазмұнға өту
· 3 қаралым

Депутаттарды қорғайтын заң керек

Енді депутаттар өздерін қорғайтын заң шығаруы мүмкін. Өйткені әлеуметтік желіде халық қалаулыларын қолдайтындар емес, қорлайтындар көбейген. Талай жылдық тәжірибесі бар адвокат Абзал Құспан осылай деп ашынды. Оның сөзінше, кез келген мәселені қоғамның талқысына тастасаң, лайықты сын емес, хайп үшін мін айту белең алған. Тіпті депутаттарға зорлық-зомбылық жасауға, атып өлтіруге үндейтіндер де бар екен. Сондықтан мұндай фактілерге құзырлы органдар нақты құқықтық баға беруге тиіс. Себебі бұл – жай пікір емес, қылмыстық жауапкершілік туындататын әрекет, – дейді депутат.

АБЗАЛ ҚҰСПАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

«Біз құқықтық мемлекетпіз. Ал құқықтық мемлекетте бір ғана өлшем бар – ол Заң! Сондықтан әркім өз сөзі мен іс-әрекетіне жауап беруі тиіс. Біздің міндет – эмоцияға ермеу, қоғамды бөлмеу, керісінше біріктіру. Сондықтан мен осы үндеу арқылы барша азаматтарды Заң мен Тәртіп қағидатын қатаң ұстануға, әр сөз бен әрекетке жауапкершілікпен қарауға шақырамын».

Жақсылық Жасұланұлы

← Барлық жаңалықтар