Ақтөбе облысында ауа райы құбылып тұр. Екпіні қатты желден Алға қаласындағы көпқабатты үйдің балконы құлады. Абырой болғанда, сол сәтте үйде де, аулада да адам болмаған. Ешкім зардап шеккен жоқ. 1976 жылы салынған баспана жөндеу көрмеген. Төтенше жағдайдан соң Алға қаласының әкімдігі қирандыны жинап алып, айналасын қалыпқа келтірген.
Ақбаян Сұлтанмұратова