Мазмұнға өту
· 6 қаралым

Қазақ театр өнері қара жамылды

Қазақ театр өнері орны толмас қазаға душар болды. 85 жасқа қараған шағында белгілі актер, театр режиссері, Қазақстанның халық артисі Есмұхан Обаев өмірден озды. Ол саналы ғұмырын ұлттық руханияттың ілгері басуына, сахна мәдениетінің өркендеуіне, режиссура мен актерлік мектептің қалыптасуына арнаған тұлға. Еліміздің іргелі өнер ошақтарында жетекшілік қызмет атқарып, мәдениет саласын өрістетуге өлшеусіз үлес қосты. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрының, Ғабит Мүсірепов атындағы Балалар мен жасөспірімдер театрының қоюшы режиссері, Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі болды. Сондай-ақ, Мәдениет министрінің орынбасары қызметін атқарған.

Өнер қайраткерінің қазасына байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасы мен жақын-жуықтарына көңіл айтты. Есмұхан Несіпбайұлы ғұмырын киелі сахнаға арнаған театр тарланы, өнегелі өнер иесі еді. Ұлт руханиятын ұлықтап, отандық драматургияның дамуына зор үлес қосты, – делінген жеделхатта.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар