Мазмұнға өту
· 13 қаралым

Оқушы мен мектеп қызметкері төбелесті

Астанада жоғары сынып оқушысы мен мектеп қызметкері жанжалдасып, ақыры төбелесіп тынды. Кикілжің 17 жастағы жасөспірімнің әрекетінен басталған. Ол оқу орнының аумағына көлігімен кірген. Мектеп қызметкерінің ескертуіне құлақ аспай, дөрекі жауап берген. Тексеріс жүргізген полицейлер екеуін де ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ баласының тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлмеген ата-ананы да жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Ақбаян Сұлтанмұратова

← Барлық жаңалықтар