Мазмұнға өту
· 5 қаралым

Марқұмның зейнетақысын мұрагерге беру тәртібі өзгереді

Енді қайтыс болған адамның зейнетақы қорындағы ақшасын мұрагерлері бөліп-бөліп емес, толық алуы мүмкін. Депутат Асхат Аймағамбетов заңдағы маңызды өзгерісті түсіндірді. Оның айтуынша, бұған дейін азаматтар зейнет жасына жетпей бақилық болса, оның жинағы туыстарына тек белгіленген кесте бойынша ай сайын беріліп отыратын. Жаңа норма бойынша, мұрагерлерге шоттағы барлық қаражат бір реттік төлем ретінде тұтас аударылады. Заң жобасы Мәжілісте мақұлданып, Сенаттың қарауына жолданды.

Рамазан Палмағанбет

← Барлық жаңалықтар