Мазмұнға өту

Қылмыскер дәретханадан табылды

Интерпол ит салып, дүниені кезіп таба алмаған азамат үйінің дәретханасынан шықты. Қарағанды облысында аса қауіпті қылмыскер бес жыл бойы әжетханада бой тасалап келген. Жергілікті тәртіп сақшылары халықаралық іздеуде жүрген 43 жастағы ер адамды ақыры тауып, абақтыға тоғытты. Анықталғандай, ол жер үйдегі дәретхананың қабырғасынан ойық жасап, сонда жасырынған. Алдын ала деректер бойынша, күдікті тұрғындарды қорқытып-үркітіп, күш қолдану арқылы 117 миллион теңге бопсалаған көрінеді.

Бердібек Қарынбай

← Барлық жаңалықтар