Мазмұнға өту
· 12 қаралым

Дәрігерлерді соққыға жықты

Ескерту айтқан дәрігер таяқ жеді. Оқиға Екібастұз қаласында болды. Полицияның мәліметінше, науқастың жанына ілесе келген екі досы аурухана ішінде тәртіп бұзып, шу шығарған. Дәрігер олардың бұл әрекетіне ескерту жасаған. Ақ халаттының сөзін көтере алмаған жігіттер мінез көрсетіп, араша түспек болған мейірбикені де жарақаттаған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ауырып келген жанның жанындағы достары мас болған екен.

АСЫЛБЕК ҚАЙРОЛЛАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«Қазіргі уақытта екі медицина қызметкері дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел жеткен полиция қызметкерлері күдіктілердің үшеуін де ұстап, қылмыстық іс қозғады».

Үсен Астана

← Барлық жаңалықтар