10 жыл бой тасалап жүрген. Қазақстандық кәсіпкердің 1 млн долларын қалтаға басқан шетелдік азамат Германиядан экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Күдікті 2014 жылы компьютер техникаларын жеткізіп беремін деп отандасымызды алдап соққан. Содан бері оған халықаралық іздеу жарияланған. Осынша уақыт алшаң басып жүрген ер адам енді еліміздің заңына сай, қылмыстық жауапқа тартылады.
САЯН ӘБДЕНОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
«2025 жылдың қыркүйегінде ол Германияда ұсталып, Бас прокуратураның сұрауы бойынша Қазақстанға берілді. Қазір сотталушы тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған».
Маржан Нүсіпбек